ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбекова Алматыда құқық қорғаушылармен кездесті.
Әңгімелесуге және өз үміттерін жеткізуге құқық қорғаушылар, ҮЕҰ құрылтайшылары және қоғамдық пікір көшбасшылары келді.
Кездесу қатысушылары тұрмыстық зорлық-зомбылық, толық емес отбасылар, көп балалы аналар, жалғызбасты аналар, оңайтылғанипотека, әлеуметтік тұрғын үй, адам саудасы, бала құқығын қорғау, кедейлік пен табыс теңсіздігі, дарынды жастаржәне олардың шетелге кетуіндегі күрделілік, жергілікті атқарушы органдардың құқық қорғаушылар мәселелеріне немқұрайлылығы мәселелерін көтерді.
Кездесу соңында Салтанат Тұрсынбековаға аталған мәселелерді дамытатын әйелдер партиясын құру ұсынылды.
Алматыда Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоғын қойып, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды.
Алматы — үміткердің сайлауалды үгіт-насихат сапарларындағы алтыншы өңір. Құқық қорғаушы елорда, Шымкент, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарында болды.
Сайлау науқаны 21 қазанда басталып, сайлауға бір күн қалғанда, 19 қарашада аяқталады. Бұл күн бүкіл республика бойынша үнсіздік күні болады. Президент сайлауы 20 қарашада өтеді.