Бірінші жартылай орта салмақта Санатәлі Төлтаев (3-0, 2 КО) венесуэлалық Герман Бройкероны (10-1, 10 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңді.

Қазақстандықтар арасынан турнирде алғашқы болып Жолдас Жеңісов (7-0, 4 КО) жеңіске жетті.
Сондай-ақ тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Александр Ковригин (8-0, 6 КО) де шаршы алаңға шығады.

Бірінші жартылай орта салмақта Төлтаевпен бірге Нұржан Серікбаев (5-0-0, 5 КО), ал орта салмақта Елхан Тәбінбаев (8-1, 6 КО) қатысады.

Бұл турнирді WBC және Сауд Арабиясының ойын-сауық істері басқармасының басшысы Турки әл аш-Шейх ұйымдастыруда.

Источник: https://t.me/atamekenbusiness_sport