
Бүгін Қызылордада ТЖМ құтқарушылары көмекке келіп, мерейтойда күтпеген қонақ болды.
🚪Әйтеке би көшесіндегі үйде тұратын 90 жасар кейуана өзінің туған күнің бірге тойлау үшін туыстарын күтіп отырған. Бірақ есікті ішінен жауып, өзі аша алмады. Туыстары пәтерге кіре алмай, құтқарушылардан көмек сұрады.
👨🚒Оқиға орнына келген мамандар тез арада үш иінді баспалдақты орнатып, гидравликалық құралдың көмегімен екінші қабаттың терезесіндегі торды кесіп, пәтерге кірді. Есікті ашып, туыстарын кіргізді.
✅Әжей зардап шеккен жоқ. Құтқарушылар есікті ашуға көмектесіп қана қоймай, әжені 90 жылдық мерейтойымен және Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, оған денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtube