Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы мереке – Республика күнімен құттықтаймын!
Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.
Мемлекет басшысының «Қазақстан – біздің жалғыз ғана Отанымыз. Оның іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы – өз қолымызда. Бабалардан мирас болған ұлан-ғайыр жерді қорғау, оны өркендету – біздің перзенттік парызымыз.Мен еліміздің әрбір азаматын осы қасиетті парызға адал болуға шақырамын.Берекелі бірлігімізді сақтап, табанды еңбек етсек, Отанымызды көркейтіп, ұрпаққа дамыған мемлекет ретінде табыстасақ, бабалар аманатына адалдық деген – осы!» — деген сөзі әрқайсымыздың жадымызда жатталып тұр.
Құрметті жерлестер! Республика күні мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, игілікті ғұмыр тілеймін!
Ізгі ниетпен: Бұланды аудандық «AMANAT» партиясы филиалының төрайымы, аудандық мәслихатының депутаты Раушан Түркменбайқызы Хожабай

Республикакүні