Өскеменде болды
ҚР Президенттігіне үміткер Мейрам Қажыкен Өскемен қаласына барып, облыстық аурухананың диагностикалық орталығының медицина қызметкерлерімен кездесті.
Кандидат жиналғандарға өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді. Одан кейін адамдар өздерін қызықтыратын сұрақтар қоя алды.
Әрі қарай М.Қажыкен үгіт-насихат науқаны аясында «Восток Сүт» корпорациясына барды. Кездесуде үміткер өз сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілерін атап өтті. Тұсаукесерден соң ол экономикалық реформалар мен азаматтық қоғамның дамуына қатысты сұрақтарға жауап берді.
Кейін Мейрам Қажыкен «Каравай» ЖШС ұжымымен кездесті. Кәсіпорын ұжымы қонақты жылы қарсы алып, жаңа піскен нан табыстады. Оған өндірілген цехтар туралы айтылып, оның дәмін татып көруді ұсынды.
Үміткер өзінің сайлауалды тұғырнамасының мазмұны туралы айтып, әлеуметтік блокқа түсініктеме берді.
М. Қажыкен оқушының немесе студенттің ата-анасының мәртебесі мен қаржылық жағдайына қарамастан білім беру сапасын арттыру маңыздылығын айтып өтті.
Естеріңізге салсақ, сайлау науқаны 2022 жылдың 21 қазанында басталып, сайлауға бір күн қалғанда, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша- республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президенттік сайлау өтеді.