
Оның айтуынша, бюллетеньді жәшікке салғанға дейін өзгертуге болады.
«Егер сайлаушы өзі қатесін жәшікке салмай тұрып байқаса, онда учаскелік комиссияға жүгініп, жаңа бюллетень сұраса болады», — дейді Айгүл Қалықова.
Сондай-ақ ол бүлініп қалған бюллетень жарамсыз деп саналатынын атап өтті.
«Дауыс беруден кейін мұндай бюллетеньдер қолданылмаған бюллетеньдермен бірге жойылады. Жарамсыз бюллетень орнына жаңасы дауыс берушіге бір рет қана беріледі»,- деп ескертті ол.