Макинск қаласында өтіп жатқан сайлауға аға буын өкілдерінің қатысуы қуантады, сонымен қатар қала тұрғындары отбасыларымен келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Олардың тілектері қашанда туған қаласының амандығы мен гүлденуімен байланысты екені сөзсіз.Тату-тәтті отбасылардың бірі – Дәулетбай Ғабдрахманов және оның өмірлік серігі Жәмила – таңертең Макинск қаласындағы Балалар музыка мектебінде орналасқан № 282 сайлау учаскесіне келіп, өздерінің конституциялық құқығын жүзеге асырды. Қай жағдайда болмасын бірге жүріп, бір-бірін қолдап жүретін осындай отбасылар қоғамның нағыз тірегі, тамаша көркі екені рас.