Елімізде 130-дан астам этнос өкілдері өмір сүреді. Олардың барлығы тең құқықтарға ие, өздерінің мәдениеті мен тілін дамытуға мүмкіндік алып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы – елдегі ынтымақ пен татулықты нығайтудағы ең маңызды қадамдардың бірі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – әлемде баламасы жоқ құрылым. Ол ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіріп, елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етіп отыр. Осы бірегей институттың арқасында Қазақстан шын мәнінде татулықтың бесігіне айналды.
Абушахман Н. Жастар белсендісі.