
Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға бес кандидатты тіркеді:
· Қасым-Жомарт Тоқаев, қазіргі мемлекет басшысы.
· Нұрлан Әуесбаев, оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) өкілі.
· Мейрам Қажыкен, Amanat республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынған.
· Жигули Дайрабаев – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат.
· Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен.
Тағы жеті президенттікке кандидат ОСК-ға құжаттарын тапсырды. Олардың құжаттары әлі қаралып жатыр.
· Жұматай Әлиев, «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен.
· Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағынан.
· Нұржан Әлтаев, «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінен.
· Салтанат Тұрсынбекова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен.
· Хайрулла Ғабжалилов, «Асар» оралмандар қауымдастығы» ҚБ ұсынған.
· Бақыт Жаңабаев, «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігінен.
· Фатима Бизақова, «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігінен.
Жалпы, мемлекет басшылығына 12 адамның кандидатурасы ұсынылды.