🥇 Астана қаласы полиция департаментінің екі қызметкері Абу-Дабиде өткен бразилиялық джиу-джитсудан әлем чемпионатында топ жарып, Қазақстан қоржынына екі алтын медаль салды.

🏆 Халықаралық додада полиция полковнигі Бағдат Дүйсенов пен полиция майоры Қасым Әнуарбек қарсыластарынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды. Олар жоғары спорттық шеберлік пен табандылық танытты.

🥋 Бағдат Дүйсенов Master 4 санатында 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Шешуші белдесуде қарсыласын ұпай санымен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

🥇 Ал Қасым Әнуарбек Master 2 санатында 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.

🌍 Айта кетейік, биыл Абу-Дабиде 18-ші рет ұйымдастырылған әлем чемпионатына 130-дан астам елден 10 мыңнан астам спортшы қатысты.

👏 Қазақстан полицейлері халықаралық жарыста көк байрағымызды желбіретіп, ел мерейін үстем етті. Бұл жетістік – әріптестері үшін үлкен мақтаныш әрі жас қызметкерлерге үлгі.

📱 POLISIA.KZ