🇦🇪 2025 жылғы 4–12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында 25-ші Азия физика олимпиадасы (APhO-2025) өтті. Беделді халықаралық додаға 30 елден 240-қа жуық мектеп оқушысы қатысты.

🇰🇿 Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті — барлық сегіз қатысушы да жүлдегер атанып, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.

⚡️ Сонымен қатар Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиадаға қатысушы ең үздік қыз бала ретінде арнайы «Best Female» сыйлығына ие болды.

Күміс медаль иегерлері:

🥈 Амирбек Азатбеков – Астана қаласындағы ФМБ НЗМ;
🥈 Нұргүл Егенбергенова – NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы;
🥈 Амир Пшенбаев – Spectrum International School, Астана қаласы;
🥈 Артур Ким – Spectrum International School, Астана қаласы.

Қола медаль иегерлері:

🥉 Роман Черемнов – Miras International School, Алматы қаласы;
🥉 Ілияс Қазымбек – Республикалық физика-математика мектебі, Астана қаласы;
🥉 Даниэль Төлеубаев – NurOrda мектеп-лицейі, Астана қаласы;
🥉 Бекасыл Елубай – Алматы қаласындағы НЗМ.

🧑🏻‍💼 Команда жетекшілері — Нұрдәулет Қаласов пен Андрей Сидоренко.

👏🏻 Қазақстан құрамасын шын жүректен құттықтаймыз!

📌 Анықтама ретінде: Азия физика олимпиадасы — теориялық және эксперименттік күрделі тапсырмаларды қамтитын жоғары деңгейдегі халықаралық жарыс. 2024 жылы қазақстандық оқушылар бір күміс, бес қола медаль және бір мадақтама алған болатын. Ал 2025 жылы команда толық құрамда жүлде алып, айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізді.