
«Әділет» партиясының Шортанды аудандық филиалының төрағасы Қожамсейітов Ахмедия Шабданұлы Шортанды кентіндегі №1 жалпы білім беретін мектептің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңіндегі өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттары мен онда белгіленген басым міндеттер талқыланды.
Атап айтқанда, ауылдық елді мекендерді дамыту, жол және коммуналдық инфрақұрылымды жақсарту, газдандыру, абаттандыру, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Кездесу барысында айтылған ұсыныстар бойынша пікір алмасу жүргізілді.
