
📍Түркістан облысы Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан «Орынбай ата» шаруа қожалығы ерте шыққан қырыққабаттың алғашқы партиясын Ресейге экспорттады.
Шаруа қожалығының басшысы Нұрлыбек Жайынбаевтың айтуынша, ерте пісетін «Магнус» қырыққабатының тұқымы ақпан айының соңында егілген. Жақында алғашқы партия Ресейдің Пермь қаласына жөнелтілді. Фермер жуырда «Зарисма» сортты қырыққабаттың да өнімін алуды күтуде және «Аэропорт» сортты қауын егуді жоспарлап отыр.
Жалпы, Жетісай ауданында ерте пісетін қырыққабат 1158 гектар жерге егілген, оның 893 гектарына су үнемдеу технологиясы қолданылуда. Болжам бойынша, өнім көлемі 50 мың тоннаға дейін жетеді. Өнімнің басым бөлігі Ресей, Беларусь және Еуропа елдеріне экспортталмақ.
🔹Туркестанские аграрии экспортировали первую партию капусты в Россию
📍Крестьянское хозяйство «Орынбай ата», расположенное в сельском округе Ж.Ералиева Туркестанской области, экспортировало партию раннего урожая капусты в Россию.
Глава хозяйства Нурлыбек Жайынбаев сообщил, что семена раннеспелой капусты «Магнус» были посеяны в конце февраля.
На днях первая партия была отправлена в Пермь РФ. Фермер ожидает скорый урожай капусты сорта «Зарисма» и готовится к посадке дынь сорта «Аэропорт».
В целом, на территории Жетысайского района раннеспелая капуста посеяна на площади 1158 га, на 893 га применяются водосберегающие технологии.
Прогнозируемый урожай составляет до 50 тысяч тонн. Большая часть продукции ориентирована на экспорт в Россию, Беларусь и страны Европы.