Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Алматы облысының сайлаушыларымен кездесулер өткізді. Өтеген батыр ауылында балалар клиникалық ауруханасының қызметкерлерімен кездесіп, оның барысында үміткердің сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ұлттық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі мақсаттарын сөз етті.
Бұдан әрі РҚШ мүшелері облыс жұртшылығымен кездесті.
Өңірдің көп балалы аналарымен штаб мүшелері үміткердің өскелең ұрпақты қолдау және қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларды әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі сайлауалды бастамаларын талқылады.
Осы күні РҚШ мүшелері Іле ауданының құрметті азаматтарымен үміткердің сайлауалды бағдарламасын талқылап, Қонаев қаласында жастармен кездесу өткізді.
Жетісу облысының кәсіпкерлерімен кездесуде шағын және орта бизнесті қолдау шаралары айтылды. Балпық би ауылында РҚШ мүшелері Көксу қант зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, бизнес пен еңбек адамын қолдау бойынша басымдықтар талқыланды.
Сайлау науқаны 2022 жылдың 21 қазанында басталып, сайлауға бір күн қалғанда, 19 қарашада аяқталады. Бұл күн тыныштық күні болады. ҚР Президентінің сайлауы 20 қарашада өтеді.