Іс-шараға Астана IT университетінің оқытушылары, қызметкерлері, сондай-ақ студенттері қатысты. Офлайн форматта ұйымдастырылған жиынға Сенат депутаттары Владимир Волков, Қанатбек Сафинов, Андрей Лукин қатысты. Депутаттар Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулардың мән-мағынасын түсіндірді.
Мәселен, жаңа Конституцияда Президент жақындарын басшылық қызметтерге тағайындауға шектеу қою ұсынылған. Яғни суперпрезиденттік басқарудан мықты Парламенті бар президенттік жүйеге көшуге нақты қадам жасалып отыр. Сондай-ақ Мәжіліс немесе мәслихат депутаты сайлауына партияға мүше болмай-ақ үміткер ретінде қатыса алады.
Сонымен қатар тарих ғылымдарының докторлары, Astana IT университеті Қоғамдық ғылымдар кафедрасының профессорлары Нұрбек Шаяхметов пен Сәуле Мамытова республикалық референдумның тарихи маңызы мен мәніне тоқталды. Университеттің студент жастары атынан Астана ІТ университетінің 1-курс студенті Батырхан Бейсембеков сөз сөйледі.
Жиын соңы сұрақ-жауап форматында өрбіді. Сенаторлар студенттерге Парламент ғимаратында тағылымдамадан өтуді ұсынды. Баяндамашыларды ұйып тыңдаған жастар сұрақтарын жаудырды. Әсіресе Қазақстанға суперпрезиденттік басқаруға көшудің маңызын, Мемлекет басшысы қандай өкілеттігінен бас тартудың мән-мағынасын сұрады.
«Студенттер өмірде өте белсенді позиция ұстанады. Өте өткір сұрақтар қояды. Оларды ыңғайсыз деп айтпас едім, сауалдары шынайы, ашық. Осы сұрақтардан аудиторияның пікірталасқа белсенді қатысқанын, жастардың жанып тұрған көзін көрдім. Олардың референдумға келіп, өз таңдауын жасайтынына сенімдімін», деді А.Лукин.
Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын «Егемен Қазақстан» телеграм каналынан оқыңыз