ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Мемлекеттік кеңесші елордадағы №111 сайлау учаскесінде таңдау жасады.
«Бүгін өте маңызды күн. Әр азамат өзінің Конституциялық құқығын пайдаланып, дауыс бере алады. Өз болашағымыз және ел болашағында жақсы өзгерістер керек десек, сайлауға белсене қатысуымыз қажет. Сайлау еліміздің болашақтағы даму бағдарын анықтайды. Бүгінгі науқанға ел ішінде сонымен қатар шетелде де қызығушылық жоғары. Сайлау барысын 600-ден астам халықаралық байқаушы қадағалап жатыр. Одан бөлек, отандық байқаушылар бар», — деді Ерлан Қарин БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере тұрып.
Оның айтуынша, биылғы сайлауда қоғам белсенді.
«Бүгін дауыс беру арқылы әркім өз таңдауын жасайды. Бұл еліміздің болашақ дамуы үшін маңызды. Сайлау – мемлекеттің дамуына өзгерістер әкелетін мүмкіндік. Сондықтан азаматтарды сайлауға белсене қатысуға шақырамын», — дейді ол.