
Бұл туралы Қазақстан заңгерлер одағында өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының электоралды оқыту орталығы басшысының орынбасары Думан Әбілтайұлы айтты.
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың; Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының; Қайырымдылық ұйымдарының; Діни бірлестіктердің; Жарғылық капиталына шетелдік қатысуы бар қазақстандық заңды тұлғалардың; Жеке және анонимді тұлғалардың қайырымдылықтарынан қаражат салуға тыйым салынады , — деді спикер.
Еске сала кетейік, үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын сайлау қорлары арқылы жүргізеді. Сайлау қоры кандидаттың жеке қаражатынан, сондай-ақ ұсынған саяси партияның немесе қоғамдық бірлестік қаражатынан құралады.
Бұған дейін сайлауға қатысты заңбұзушылық бойынша 28 факт анықталды.
https://baq.kz/saylau-qoryna-kimder-qarazhat-sala-almaydy-298443/