АСТАНА. ҚазАқпарат — Президент сайлауы күні Қазақстанда 634 бала дүниеге келді. Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін, 20 қараша — сайлау күні елімізде 634 кішкентай дүниеге келді. Оның ішінде 6 егіз бар. Барлығы 328 ұл және 306 қыз бала дүние есігін ашты. Айта кетейік, еліміздің 15 өңірінде ашылған сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.