Тарихтың ақтаңдақ беттерін ақтарсақ қилы жол, алмағайып тағдырды бастан кешкен елміз. Ал, бүгін соның өтеуіндей азаттығын әлемге жар салып, күллі жаһанға сауын айтқан, өзіндік сара, дара жолы бар мемлекетке айналдық. Осы орайда өткенімізді саралап, барымызды бағалап, асқан асуларымыз бен бағындырған белестерімізді өскелең ұрпаққа үлгі ету үшін ресми шараларға толы ұлттық мерекелердің маңызы зор. Араға жылдар салып тарих сахынасына қайта оралған ұлттық мерекеміздің бірі – Республика күні. 1990 жылы 25 қазанда «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясына қол қойылды. Бұл тарихи құжат ел іргесінің бекіп, болашаққа басылған нық қадамдарының бірі болды. Алайда бұл айтулы күн 13 жыл елеусіз, ескерусіз қалды. Тек өткен жылы ел Президенті бұл күнге ерекше мәртебе беріп, тарихи күн ұлттық мереке ретінде тойлана бастады. Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек», – деген болатын.

Мерейлі мереке ауданымызда жоғары деңгейде аталып өтті. Мәдениет үйіне жиналған көпшілікті аудан әкімінің міндетін атқарушы Ораз Қайыркенұлы Смағұлов құттықтады. Салтанатты шара барысында көпбалалы аналар Гүлдана Рабатқызы Әбдікәрімова мен Айгүл Қойшыбайқызы Омароваға Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №308 Жарлығымен «Күміс алқа» табыс етілді. Сондай-ақ мереке күні Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Дәметкен Ибрашқызы Мұхаметжанова, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Алғыс хатымен Биғайша Еслямбекқызы Тұртанова, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен Айгүл Егізбайқызы Аманжолова, «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлының Құрмет грамотасымен Қалимаш Егінбайқызы Дайрова және Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен Сайра Ахаагаа марапатталды. Сонымен қатар, ауданымыздың гүлденуіне атсалысып, еселі еңбек етіп жүрген бірқатар жерлестерімізге: Жигиров Николай Федорович,  Жаныбаев Асан Есенұлы, Катасонова Елена Васильевна, Жүнісова Айтжан Айтымқызы, Чернов Сергей Николаевич, Жарылғасынова  Бақшагүл  Қабділмәжитқызы, Хапшан Ақылбек, Утешев Валерий Александрович, Чаниев Ломали Юсупович  және Алпысбаев Темірлан Мұхаметрашидұлына аудан әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Аудан өнерпаздары мың бұрала би билеп, әннен шашу шашып мерекелі күннің шырайын кіргізді. Қайта оралып, ұлттық мереке санатынан орын алған Республика күні құтты болсын.

Ж.Зандыбай.