МӘСКЕУ. ҚазАқпарат — Омбы қаласындағы сайлау учаскесінде сайлаушылар 100 пайыз дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігі жанындағы референдумы учаскелік комиссиясының төрағасы Александр Синяговскийдің айтуынша, Астана уақытымен сағат 17:20-да Ресейдегі бес сайлау учаскесінде барлығы 1507 адам дауыс берген.
«Соның ішінде Мәскеуде – 702, Санкт-Петербургте – 484, Астраханьда – 53 және Қазан қаласында – 183. Заңға сәйкес, Омбыдағы сайлау учаскесі тізімге енгізілген барлық 85 сайлаушы дауыс бергеннен кейін жұмысын мерзімінен бұрын аяқтады», — деді комиссия төрағасы.
Сондай-ақ, алдын ала болжам бойынша, Мәскеу сайлау учаскесінде тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 34,4 пайызы бюллетень алған.