Ақмарал Науатбек алдағы төрт жылда есімі алтын түстес жазумен жазылған кимономен боз кілемде белдеспек.

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек парадзюдошы, 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) өнер көрсетеді. 2024 жылы Парижде өткен Паралимпиада ойындарында Ақмарал финалда Франция🇫🇷 өкілі Сандрина Мартинені жеңіп, алтын🥇медаль иеленді.

Сондай-ақ 2025 жылдың қаңтарында Ақмарал «Жылдың ең үздік пара спортшысы» номинациясында «Халықтың сүйіктісі» ұлттық премиясын алды.