доктор Монтасер Абузейд мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Мен 20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауында халықаралық бақылаушы боламын. Президент сайлауын бақылаймыз. Елдеріңізде өтетін саяси оқиғаға осымен төртінші мәрте бақылаушы ретінде қатысқалы отырмын. Әдетте біз бақылаушы болған соң барлық учаскелерді аралаймыз. Бұған дейін мен қатысқан сайлаудың бәрінде дауыс беру ерікті түрде, халықаралық стандартқа сай өтті, — деп атап өтті Төтенше және өкілетті елші шетелдік дипломатиялық корпусқа арналған бірлескен брифингтен соң берген сұхбатында. Айтуынша, сайлауды бақылайтын халықаралық бақылаушылардың қарасы көп. Елшілер тарапынан халықаралық бақылаушы ретінде сайлауға мен ғана қатыспаймын. Саяси оқиғаны бақылайтын елші әріптестерім көп. Одан бөлек, шет мемлекеттерден келетін халықаралық ұйымдардың өкілдері де бар, — деді доктор Монтасер Абузейд.Еске сала кетейік, бұған дейін Испанияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегро Президенттің жеті жыл мерзімге сайлануына қатысты пікірін айтып, бұл қадам елге оң өзгеріс әкеледі деп ойлайтынын айтқан болатын. Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://baq.kz/palestina-elshisi-qazaqstandagy-prezident-saylauynda-baqylaushy-bolamyn-291919/ Навигация по записям Два наблюдателя от Испании включены в миссию БДИПЧ/ОБСЕ Сегодня казахстанцы проголосуют на внеочередных выборах Президента