Қайырлы Күн, Қымбатты Достар👋
Бүгінгі күні Ақмола облысы «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ басшысын қызметін атқарудамын.Республика күніне орай «Жастар” ғылыми-зерттеу орталығының директоры Ерниязова Айсулу Алимжановнаның Aisulu Yerniyazova жастар арасындағы #RepublicDay бастаған акциясын қабыл алдым.
✅Қазіргі уақытта Ақмола облысында 225 331 жас азамат тұрады. Бұл облыс халқының жалпы санының шамамен 29% құрайды. Оның ішінде ауыл жастары – 98 255 адам болса, қалалық-127 076 адамды құрайды.Көкшетау қаласы бойынша 35-тен астам жастар және еріктілер ұйымдары, ал жалпы облыс бойынша 130-дан астам ұйымдар бар.
▪️1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан еңсесі биік, терезесі тең жеке мемлекет ретінде таныла бастады.
▪️2022 жылы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мерекеміз 25 -ші қазан Республика күні деп қайта жаңғырған!
🔹 Республика күнінде, Жарқырайық, жанайық. Аспанымыз ашық боп, Бұлбұл құстай сайрайық. Мереке Құтты Болсын🎉
🙌🏻 Акцияны Облысымыздағы барлық ЖРО, жоғары оқу орындарының және колледждерінің басшылары мен жастар ісі жөніндегі комитет жетекшілеріне, Жастар, волонтерлық ұйымдарының көшбасшылары мен студенттеріне, жастар ортасында қызмет атқаратын әріптестеріме және барлық белсенді жастарға жолдаймын.