
Нұрсұлтан Алтынбек Бангкоктағы турнирдің қола жүлдегері атанды
Жартылай финалдық жекпе жекте ол Таиланд боксшысына 1:4 есебімен жол берді.
Сондай-ақ Данияр Рахымбердиев 90 келі салмақ дәрежесінде 1/2 финалда Қытай өкіліне 0:5 есебімен жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Айта кетейік, Thailand Open-2025 турнирінің жартылай финалында
бүгін тағы 3 қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады.
Әйелдер арасында Виктория Графеева (60 кг) үндістандық Риза Пасуитпен, ал Гүлсая Ержан (80 кг) үндістандық Лайфакмави Ралтемен жұдырықтасады.
Ерлер арасында Дулат Бекбауов (65 кг) Бунджонг Синсириге қарсы рингке шығады.