Бүгін, 12 шілде күні, Көкшетауда жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы республикалық спартакида аясында алғашқы жарыстар басталды.

Қатысушылар жүзу, тоғызқұмалақ, шахмат, волейбол, шағын футбол, 3×3 баскетбол және киберспорт бойынша өзара бақ сынап, жоғары спорттық шеберлік пен командалық рухтарын паш етуде.

Ақмола облысы алғаш рет еліміздің барлық өңірлерінен келген 1200-ден астам мемлекеттік қызметшіні қабылдап отыр. Республикалық маңызы бар бұл спорттық додаға Қазақстанның 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының командалары қатысуда. Жалпы жарыстар спорттың 10 түрі бойынша өтеді.

Республикалық спартакиада – салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және мемлекеттік қызметшілер арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға бағытталған маңызды алаң.

Барлық қатысушыларға сәттілік, тартысты бәсеке және жарқын жеңістер тілейміз! 💪🇰🇿