Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/konstituciyalyk-reformanyn-maksaty-memleket-pen-kogam-arasynda-tiimdi-dialog-kuru-elshi_a3940040

ТЕЛЬ-АВИВ. ҚазАқпарат – Қазақстанның конституциялық реформасы — бұл жұртшылықтың сұрауы мен ұсыныстарына негізделген саяси реформалардың президенттік бағдарламасын іске асыру. Бұл туралы қазақстанның Израильдегі елшілігінде өткен ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумға арналған дөңгелек үстел барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиында Қазақстан Елшісі Сатыбалды Бұршақов конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Оның пікірінше, Қазақстанның конституциялық реформасы — бұл жұртшылықтың сұрауы мен ұсыныстарына негізделген саяси реформалардың президенттік бағдарламасын іске асыру. Ол мыналарды қамтиды: қолданыстағы саяси модельді түбегейлі трансформациялау, билік тармақтары арасындағы өзара қарым-қатынастың оңтайлы теңгерімін қалыптастыру және мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог құру», — деп атап өтті ол.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/konstituciyalyk-reformanyn-maksaty-memleket-pen-kogam-arasynda-tiimdi-dialog-kuru-elshi_a3940040