
Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде ТжКБ жүйесін дамыту бойынша ағымдағы нәтижелер туралы баяндады.
Министрліктің мәліметінше, 2024-2025 оқу жылында колледждерде 550 мыңнан астам студент білім алған. 173 мың студент оқуын бітіреді, оның ішінде жұмыс біліктілігі бойынша 123 мың студент, дуальды оқыту шеңберінде 27 мың студент білім алып шығады. Кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша 10 мың студент бітірді.
«Жыл сайын колледж түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші өсуде: 2024 жылы түлектердің 81%-ы жұмыспен қамтылды. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және колледждердің бизнеспен өзара іс-қимылына аса назар аударылуда. Оқу жылының қорытындысы бойынша қамқорлық көмек көрсететін кәсіпорындардың саны 7 есе артты. Бүгінгі таңда 4 мыңнан астам кәсіпорын 662 колледжге, өткен жылдың қорытындысы бойынша 412 колледжге 558 кәсіпорын қамқорлық көрсетуде»,
— деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Оның айтуынша, «педагог-кәсіби бағдарлаушы» лауазымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. 905 жоғары сынып оқушысы жалпы білім туралы аттестатпен қатар, жұмысшы біліктілігі бойынша диплом алды. 2,5 млн мектеп оқушысы кәсіби бағдарлаушы шараларымен қамтылды.
104 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Студенттердің тұрмыс жағдайын жақсарту үшін 2 мың орынға арналған 8 жатақхана пайдалануға берілді. Бизнес өкілдері 8 мыңнан астам білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты.
➖
Колледжи выпустят 173 тыс. студентов: в Год рабочих профессий растет трудоустройство и поддержка молодежи
На заседании Правительства министр просвещения Гани Бейсембаев доложил о текущих результатах по развитию системы ТиПО в рамках объявленного Главой государства Года рабочих профессий.
По данным Министерства, в 2024-2025 учебном году в колледжах обучались более 550 тыс. студентов. 173 тыс. студентов завершают обучение, из них по рабочим квалификациям 123 тыс. студентов, в рамках дуального обучения 27 тыс. Выпуск по целевому заказу предприятий составил 10 тыс. студентов.
«Ежегодно растет процент трудоустройства выпускников колледжей, в 2024 году трудоустроены 81% выпускников. В рамках проведения Года рабочих профессий большое внимание уделяется повышению престижа рабочих профессий и взаимодействию колледжей с бизнесом. По итогам учебного года число шефствующих предприятий увеличилось в 7 раз. Сегодня свыше 4 тыс. предприятий оказывают шефство над 662 колледжами, по итогам прошлого года 558 предприятий над 412 колледжами»,
— отметил Гани Бейсембаев.
По его словам, также впервые официально закреплена должность «педагог-профориентатор». 905 старшеклассников получили дипломы по рабочим квалификациям наравне с аттестатами об общем образовании. Профориентационными мероприятиями охвачены 2,5 млн учащихся школ.
Оснащена материально-техническая база 104 колледжей. Для улучшения условий проживания студентов введены 8 общежитий на 2 тыс. мест. Представители бизнеса приняли участие в разработке более 8 тыс. образовательных программ.
@KZgovernment