Кез келген қиындықтарға төтеп беретін ең басты күш – бірлік пен ауызбіршілік. Басымызға ауырлық тиген шақта оймыз бір арнадан шығып, ниетіміз түзу, ісіміз бен амалымыз адал болса, көтерген жүгіміз жеңілдей түспек. Ел бірлігі, халықтар достастығы мерекесі қарсаңында өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев басымды міндеттерге тоқталып, көп ойды ортаға салды. Сондай-ақ, сессияның еліміз басынан кешірген табиғи сипаты бар ауыр жағдайлардан кейін өткізілгені де жәй еместігін аңғартты. Шын мәнінде, қоғамда бүгіндері талқылайтын, ортақ шешімді талап етіп тұрған мәселелер баршылық. Олардың басым бөлігі елдегі тұрақтылықты айқындайды. Өзекті сұрақтарға жауап уақытылы табылған абзал, себебі, заман ағымы қарқын. Бәрі де тез дамып, тез өзгеріп жатқан қарбалас кезен. Президент қауіпсіздік, бірлік пен татулық, ортақ мүдде үшін бірігу, елдіктің басты құндылықтарын дәріптеу, ұлттық болмысты нығайту және тағы да басқа маңызды бағыттарға жеке-жеке тоқталды. Көп міндет жүктеді. Жалпы, сессия барысында көптеген ақылға салынған парасатты ойлар айтылып, нақты шаралар жоспары белгіленді. Ал біз, әрқайсымыз, өз тарапымыздан аталған мәселелер төңірегінде ортақ іске етене арасалып, үлес қосуға дайынбыз.
Айгүл Аманжолова, «Bulandy Aqparat» газетінің редакторы, қоғамдық пікір көшбасшысы.