
2025 жылғы 1 наурыздан бастап әрбір қазақстандықтың мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсетуге жеке қатысуы арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасы (бұдан әрі — марафон) іске қосылды.
Марафон ағымдағы жылдың 1 наурызы мен 1 желтоқсаны аралығында өтеді.
Жоба аясында «Игі істер» күнтізбес» әзірленіп, тақырыптық іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Сондай-ақ www.qazvolunteer.kz платформасында «Мейірімділік көрсеткіші» тетегі орналастырылады, ол «игі істердің» жалпы санын есептейді.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының бірінші онкүндігінде 7 негізгі номинация («Жүректен жүрекке», «Қоғам игілігі үшін», «Салауатты қоғам», «Жақсылықтың жаршысы», «Инклюзивті келешек», «Табиғат қорғаушысы», «Жануарлар жанашыры және 6 арнайы номинация («Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ауыл», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді жоғары оқу орны», «Ең мейірімді мектеп», «Ең белсенді медиа») бойынша белсенді қатысушыларды салтанатты марапаттау рәсімін өткізу жоспарлануда.
Жыл сайынғы «Игі істер марафоны» жобасы өзара көмек пен әлеуметтік жауапкершіліктің дамуына маңызды үлес қосады. Бұл бастама өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге дайын жауапты және біріккен қоғамды қалыптастыруға көмектеседі.