Президенттік реформалардың маңызды аспектілерінің бірі – қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігі мен трансформациясы. БАҚ жүйесін өзгертудің бірінші және маңызды қадамы – бәсекеге қабілеттілікті арттыру. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, журналистика мүлдем басқаша болуы керек.
Бұқаралық ақпарат құралдары адамның әлеуметтік өмірінің негізгі бөлігі болып табылады. Қазіргі заманда кез келген прогрессивті ел үшін бәсекеге қабілетті және еркін БАҚ болуы өте маңызды. Отандық ақпарат құралдарыныңелімізде, аймақта және әлемде болып жатқан процестерге өзіндік көзқарасы болуы керек.Елдің шынайы ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық егемендігі осыған байланысты.
Президент Қ. К.Тоқаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекет ашық ақпараттық кеңістікті, танымал және күшті бұқаралық ақпарат құралдарын құруға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Билік пен халық арасындағы тиімді байланыстың арнасын білдіретін БАҚ өзекті мәселелерді көтере алады және көтеруге тиіс. Бірақ мұны сырттан келген тапсырыспен емес, қоғамымыздың поляризациясына ықпал етіп, жасырын саяси күресіне айналдырып емес, үлкен азаматтық жауапкершілікпен атқару керек.
Бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі кезеңде төртінші билік болып табылады, сонымен бірге қоғамда ұлтаралық келісім мен толеранттылықты қалыптастыруда ұйымдастырушы әрі тәрбиеші ретінде үлкен рөл атқарады.
Олар жалпы қоғамның өміріне, осы қоғам мүшелерінің әрқайсысының әлеуметтік-психологиялық және моральдық сипатына үлкен әсер етеді, өйткені кез келген жаңа ақпарат адамдардың санасында бекітілген құндылық көзқарастарды қалыптастырады.
Демек, отандық БАҚ алдында заманауи жағдайда жаңа перспективалар ашылып, дамуға және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға жағдай жасалуда. Ақпараттық «мәзірді» әзірлеу кезінде аудиторияның қалауы мен талғамын ескеру, қоғамның әртүрлі топтарына арный бағыт бойынша жұмыс істеу қажет. Мысалы, телеарна, радио, газет немесе журналда қолжетімді, жеңіл, «дәмді» ақпараттар, пайдалы материалдар, нағыз кәсіби жірналистердің тың жаңалықтар –аудиторяины өзіне қаратудың бірден-бір тәсілі.
Заман алға басқан сайын, журналистика саласы да қарыштап дамуы абзал, өтйкені, уақыт ағымынан қалып қалмауы үшін жаңа талаптарға сай ақпараттық бәсекелестіктің орнауы заңдылық және алға жетелейтін маңызды мотивация.
А. АМАНЖОЛОВА.