Көкшетау қаласында қарт адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында шахмат пен дойбыдан облыстық жарыс өтті. Дойбыдан аудан намысын қорғаған жерлесіміз Михаил Асташкин жүлделі 1-орын иегері атанды. Михаил Асташкин бұған дейін облыстық «Ақ бидай» жазғы спартакиадасында 2-орыннан көрінген болатын. Адамның есте сақтау қабілетін дамытатын, ақыл-ой спорты саналатын шахмат пен дойбы ауданымызда қанатын кеңге жайып келеді. Мәдениет үйінде арнайы кабинет берілген. Спортшыларымыз аптасына екі рет жиналып, өзара ойнап, қабілеттерін шыңдап отырады.
З.Жайнарбек.