Ақмола облысының Жақсы ауылында халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту бағдарламасы аясында салынған үш қабатты жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа пәтерлердің кілтін тапсыру рәсіміне Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Жаңа тұрғын үйде 27 пәтер бар, оның алтауы бір бөлмелі, он бесі екі бөлмелі және алтауы үш бөлмелі. Жоба заманауи стандарттарды ескере отырып әзірленген және үй қоныстанушылар үшін жайлы етіп салынған.
Құрылыс жұмыстары 2022 жылдың мамыр айында басталып, кестеге бойынша көрсетілген уақытында аяқталды.
Баспаналы болған тұрғындар қуаныштарымен бөлісті.
«Осы күнді асыға күттік. Өзіміздің пәтеріміз болуды көптен бері армандадық. Отбасымыз үшін бұл жай ғана пәтер емес, бұл жаңа өмір»,-деді Жақсы ауылының тұрғыны.
Мұндай жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартудағы маңызды қадам болып табылады және тұрғындарға өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, ауданға жас мамандарды тартуға және халықтың демографиялық әлеуетін нығайту септігін тигізетіні сөзсіз.