Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2025 жылға арналған Операциялық жоспарының 24-тармағын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 10 сәуірінен 6 мамырына дейін Қөкшетау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аймағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және оны болдырмау, оның ішінде білім беру ұйымдары оқушыларының арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық әрекеттерді алдын алу.

Көкшетау ст. ЖПб ӘПб