25 қазан – Еліміздің басты мерекесі Республика күніне орай Қарағанды облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының балалары «ЖАНАШЫР ЖҮРЕК» қайырымдылық акциясы аясында қаламыздың хайуанаттар паркіне тегін барып, тамашалап, жеткіншектер жақсы көңіл-күймен алғыстарын білдіріп, барша жерлестерімізді мерекемен құттықтады.
🇰🇿 Іс-шараның мақсаты: өскелең ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет және еліміздің тарихына, ұлттық құндылықтарына қызығушылықтарын арттыру.