Биыл Ақмола облысында жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңі басталды. Бүгінгі таңда 67 мың жеке тұлға (немесе 73 пайыз) активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырды. Бұл туралы брифингте облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Назгүл Аюпова айтты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Үшінші кезеңде декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсырады. Облыс бойынша олардың саны 91 мыңнан астам адам.
«Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген бірінші жылдағы жеке тұлғалар Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысан) ұсынуы қажет. Одан кейінгі жылдары – Кірістері мен мүлкі туралы декларация (270.00 нысан), – деді Назгүл Аюпова.
Спикердің айтуынша, шетелде тіркелген мүлік көрсетіледі. Сондай-ақ, Қазақстандағы және шетелдегі мүлік туралы ақпарат беру қажет. Қолма-қол ақша АЕК-тің 10 000 еселенген шегінен аспайтын мөлшерде көрсетіледі, егер қолма-қол ақша сомасы 30 миллион теңгеден асатын болса, онда артық соманы екінші деңгейдегі банктердегі шоттарға орналастыру қажет;
Сонымен қатар, жеке тұлғаға және адамның өзінің басқаларға қарыздары да қарастыруға жатады.
«Дебиторлық немесе кредиторлық берешек туралы ақпарат өзгерістер мен толықтыруларға жатпайтынына назар аударғым келеді. Тиісінше, нотариалды куәландыру 2023 жылдың 31 желтоқсанында және декларация тапсырылған күннен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс. Декларация тұрғылықты жері бойынша және ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тапсырылады», — деді спикер.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электронды түрде Салық төлеушінің шоты (cabinet.salyk.kz), Электрондық үкімет порталы (egov.kz), сондай-ақ eSalyk мобильді және eGov мобильді қосымшалары арқылы беруге болады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер өздерінің өтініштері арқылы провизия жасау мүмкіндігін іске асырды.
«Естеріңізге сала кетейін, жалпы декларациялаудың алдыңғы кезеңдеріне енгізілген тұлғалар 2023 жылға арналған 270.00 нысандағы кірістер мен мүліктер туралы декларацияны ұсынуы тиіс», — деп атап өтті Назгүл Аюпова.
Кезкелгенсұрақтартуындаған жағдайда салық төлеуші мемлекеттік кірістер органына хабарласа алады, сондай-ақ 1414 нөмірі бойынша Байланыс орталығы іске қосылды және Telegram-да @»SalyqBot» сілтемесі арқылычатботіскеқосылды.
ТолықақпаратМемлекеттіккірістер комитетінің ресми сайтында (kgd.gov.kz) «Жалпы декларация» бөлімінде жарияланған. Сонымен қатар Zoom конференциялары апта сайын сәрсенбі және бейсенбі күндері сұрақ-жауап форматында өткізіледі. КуәландырушынөмірInstagramпарақшасындадепартаменттіңпарақшасындажарияланған.