Дмитрий Попко (ATP 245) Мексиканың Морелия қаласында өткен ATP Challenger 125 сериясының турнирінде чемпион атанды.

Финалда Дмитрий турнирдің бірінші ракеткасы, 2021 жылғы ATP 250 Astana Open финалисі, аустралиялық Джеймс Даквортты (ATP 95) 1:6, 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Теннисшілер кортта 1 сағат 47 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Попко сегіз эйс жасап, алты брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.

Осылайша 28 жастағы қазақстандық теннисші маусымдағы алғашқы «Челленджерін» және мансабындағы екінші титулын жеңіп алды.

📈Ол 125 рейтингтік ұпай мен 28 400 АҚШ доллары💵 көлемінде сыйақы иегері атанды. Енді жаңартылған ATP рейтингінде Попко 175-орынға көтеріледі.