Бүгін Бұланды ауданында Құрылтайға сайлау өтіп жатыр. Таңертеңнен бастап аудан тұрғындары сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырып, маңызды қоғамдық-саяси оқиғаға қатысуда.

Сайлаушылар өздерінің азаматтық борышына жауапкершілікпен қарайды. Сайлау учаскелерінде тыныш әрі жағымды ахуал қалыптасқан. Азаматтар кезекпен келіп, өз таңдауларын жасауда.

Дауыс беруге қатысу — әр азаматтың өз ұстанымын білдіріп, өңір мен елдің одан әрі дамуына өз үлесін қосуға берілген мүмкіндік.