2021 жылдан бастап Қазақстанда ауыл әкімдерінің сайлауын өткізу тәжірибесі енгізілді. Бұл – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы қызметіне кіріскен алғашқы күннен бастап ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға тікелей әсер ететін құралдардың бірі.

Бүгін Бұланды ауданында Журавлевка және Қараөзек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр.

Округтік сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, жеті сайлау учаскесінде дауыс беру басталды.

Сайлау қолданыстағы заңнамаға сәйкес өткізіліп, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері дайындалып, ауыл тұрғындары жақсы көңіл-күймен келіп, лайықты кандидат таңдалса деген тілектерін білдіруде, сайлау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.