
Бір жасыңмен.
Бүгін елімізде амал мерекесі басталды. Кеңес үкіметінің саясатына байланысты, еліміздің көптеген аймағында бұл мерекені тойлау ұмытылып, батыс өңірлерде ғана сақталып қалған. Тіпті кей археологтар Амал мерекесінің түп-төркінін Адай тайпасының пайда болуымен де байланыстырады.
Ал көрісудің 14 наурызда басталуы «тоғыспен»сәйкес келеді. Тоғыс ол Ай мен Үркердің қиылыса өтуі. Халық осы уақытты қыс жұлдызы бiтiп, жаз жұлдызы туды деп есептеген. Алайда қазір басқа өңір тұрғындары да, қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады.
Амал мерекесі құтты болсын оқырман!
@ztb_qazaq