
«Мұндай сыйлықтарға біздің тараптан қаражат қарастырылмағаны анық. Дегенмен, алғаш рет 18 жасымда дауыс бергенім әлі де есімде. Оның үстіне 18-ге толғаныма 3-4 күн өткеннен кейін дауыс бердім. Сайлаушылар тізімінде болдым және маған телефон нөмірлерін жазуға арналған қойындәптер сыйлаған еді. Кәдесыйға келер болсақ, өзінің сайлаушыларын білетін қандай да бір сайлау комиссиясы тосынсый жасауы мүмкін. Орталықтандырылған бюджет ондайға қарастырылмаған. Сайлау комиссиялары жеке бастама жасауы мүмкін әрі мұндай бастама міндетті емес», — деді ол комиссия отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Ал 11 қарашада кандидаттардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайсы ұйымдастырылады.