
Экзитполдың алдын ала нәтижесі бойынша ЖСДП алғашқы Құрылтай сайлауында 5 пайыздан астам сайлаушының қолдауына ие болды. Партия төрағасы Асхат Рахимжанов бұл нәтижені халықтың сенім мандаты деп бағалап, партияны қолдаған азаматтарға, белсенділер мен еріктілерге алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды.
Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП төрағасы Асхат Рахимжанов, партияға сенім артқан барша қазақстандықтарға, сондай-ақ бүкіл сайлау науқаны бойы партияластармен бірге болған белсенділер мен еріктілерге шынайы алғысын білдірді.
