Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан.

Макинск қаласының тұрғындары – Қапажановтар отбасы қандай іс-шара болмасын, бірге жүруге тырысады. Қазанның жылы күзгі жексенбісінде Балалар музыка мектебінде орналасқан референдум учаскесіне келіп, республикалық референдумда өз таңдауларын жасады.

Ерлі-зайыптылар учаскіге немерелерді ертіп келді. Болашақ – жастардың қолында, ал дұрыс тірбие, нақты бағыт-бағдар беру – ата-ананың міндеті, сондықтан азаматтық тәрбие отбасынан басталары даусыз.