
Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 2025 жылдың 4 желтоқсан күні «БЖЗҚ» АҚ дәстүрлі «Ашық есік күнін» өткізеді.
Кездесу барысында БЖЗҚ мамандары зейнетақы шотыңызды мониторингілеу үшін ұсынылатын Қордың онлайн-құралдары мен сервистерін пайдалану мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) алуға өтініш жасау тәртібі, инвестициялық кірістің өзгеру себептері және зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғаларға кесте бойынша төлемдерді есептеу әдісі туралы әңгімелеп береді. Бұдан басқа, БЖЗҚ филиалының жауапты қызметкерлері басқа да сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға қатысушыларға жеке кеңестерімен көмектеседі.
Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 2025 жылдың 4 желтоқсан күні сағат 10-00, 12-00 және 15-00 өтеді.
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме https://bit.ly/akm1225 бойынша өту қажет. Содан кейін event-кеңестің нөмірін 2518 044 9005 және event-кеңестің құпиясөзін 1234 енгізіңіз.
«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді күтеді!
