Мемлекет басшының «Ana tili» газетіне берген биылғы жылдың алғашқы сұхбатында көптеген түйткілді мәселер төңірегінде әңгіме өрбіген екен.
Президент қоғамдағы нағыз көкейтесті мәселелерге жайында айтып, осы уақытқа дейін не жасалғаны, қандай жоспарлар алға қойылған, қандай сұрақтар ерекше назарды талап ететіні туралы айтты.
Иә, шын мәнінде, соңғы жылдары ел тарихында көп жағдайлар орын алып, ауқымды жобалар жүзеге асырылып, көптеген жұмыс атқарылды. Заң кеңістігіне де бірқатар өзгерістер ұсынылып, халыққа пайдасы бар заңданамалар күшке енді. Президент әлемдік саясат, өндіріс, ауыл шаруашылығы, жастар саясаты, білім алу, денсаулық, құқық қорғау, сот жүйелері жайында тоқталып, басымды бағыттарды атап кетті. Қазақ тіліне қатысты мәселеге бөлек тоқталып, оның дамуы мен елдің басты тілі ретінде мәртебесін тағы бір мәрте атап көрсетті.
Жасалып жатқан барлық жұмыстардың негізі — халықтың жағдайы мен болашаққа деген сенімнің артуы.
Қазіргі таңда әрбір қазақстандық үшін дамуға, оқуға, жұмыс жасап тұрмысын жақсартуға барынша жағдайда салған. Бастысы — аянбай еңбек ету, еліне, жеріне адал болу. Президент халықты адал еңбекке, жат қылықтардан алшақ болуға, заманауи дамудың жақсы тұстарын пайдалануға, өсуге, дамуға үнемі шақырып келеді. Осы сұхбатында ба шақырып, елдің қарыштап дамып келе да қанын да жеткізді.
Қасым-Жомарт Кемелұлының әрбір сөзімен келісемін, көптеген түйткілді мәселелер көтеріліп, ақылмен жауап берілді. Мемлекет өз тұрғындарын барынша қолдауда, оған ешқандай күмән жоқ. Еліміз аман, халқымыз мықты болсын, бірлігіміз жасай берсін!
Айгүл Аманжолова, Bulandy Aqparat газетінің редакторы, қоғамдық пікір көшбасшысы.