2025 жылдың 13 наурызы күні сағат 10.00, 12.00 және 15.00 «БЖЗҚ» АҚ онлайн-форматта Ашық есік күнін өткізеді. 

Тақырыбы: «БЖЗҚ-дан қандай төлем түрлері беріледі? Болашақ зейнетақыңызды қалай есептеуге болады?».

БЖЗҚ мамандары зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу қалай жүргізілетіні, біржолғы және ай сайынғы төлемдерді алу тәртібі қандай, зейнетке шығу үшін қандай талаптар бар және оның мөлшеріне әсер ететін факторлар, жинақтаушы жүйеде қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер алудың қандай тәсілдері бар, зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын қалай жасауға болатыны және т.б. мәселелер туралы баяндап береді. Салымшының бүгінгі жалақысының қаншалықты бөлігін зейнетақы түрінде алатынын айқындайтын «кірісті алмастыру коэффициенті» ұғымына ерекше назар аударылатын болады.

Қор қызметкерлері тәжірибеде болған мысалдарды қолжетімді және түсінікті түрде пайдалана отырып, төлем механизмін түсіндіреді, қызықтырған сұрақтарға жауап береді. Ашық есік күнінің негізгі тақырыбын насихаттай отырып, мамандар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша ақыл-кеңес береді.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.

Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://bit.ly/Akm0325

Еvent-мәжіліс нөмірі: 2510 790 7502

Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 1234.