«Байтақ» партиясының өкілі Амалбек Өміртай партияның дамудың төрт саяси қағидасын атап өтті. Оның айтуынша, даму тек экономикалық өсіммен ғана емес, азаматтардың табысы мен өмір сапасының артуымен де өлшенуі керек.

Экономика, табиғат және келешек ұрпақтың мүддесі арасындағы тепе-теңдікке тоқталған Өміртай ірі өндіріс орындары заң мен қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуі тиіс екенін айтты.

jibekjoly