Бұланды ауданы әкімінің орынбасары К. Н. Исмағамбетова аудан азаматтарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.
2023 жылғы 16 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін аудан азаматтарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Аула аралау арқылы медициналық сақтандыру қорына жарналар енгізу қажеттілігі туралы түсіндірмелермен 4956 адам қамтылды. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша 104 адам жұмысқа орналастырылды. МӘМС қорына 240 адам төлем жасады. Бұрын сақтандырылмаған 25 азамат жеңілдетілген сақтандыруға түсті.
Сақтандырылмаған азаматтардың саны 42 адамға азайды, бірақ 03.01.2023 жылғы жағдай бойынша біздің аудандағы жүйеде сақтандырылмаған адамдардың саны 5764 адамды құрайды. Олардың ішінде 2546 адам ЖШС, ШҚ-да жұмыс істейді, 25 адам жеке кәсіпкер, 254 адамның бейресми табысы бар (өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, қызмет көрсету актісі бойынша жұмысты орындайтын қызметкерлер), 565 адам жарналарды өз бетінше төлейді, 2637-мәртебесі анықталмаған (жұмыс істемейді, көшіп кеткендер, үй шаруасындағылар, төлеуге мүмкіндік жоқ), 11 – студенттер, 3 жастанасқан бала күтімі бойынша жеңілдігі барлар.
Бұл жағдай ерекше бақылауда. Сондықтан атқарылған жұмыс туралы апта сайынғы есеп, халықпен және жұмыс берушілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту туралы шешім қабылданды.