Ағымдағы жылдың 9 ай ішінде облыс аумағында электр жабдықтардың монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзылуынан 258 өрт тіркелген.

ТЖ Департаменті еске салады:

Электр сымдарының, электр аспаптары мен аппаратураларының ақаусыздығын, сондай-ақ розеткалардың, электр талсымдары мен электр шнурларының бүтіндігін және ақаусыздығын қадағалау қажет.

Оқшаулағышы бұзылған электр сымдарын пайдалануға тыйым салынады.

Электр сымдарын тораптарға байлауға, оларды бұрау арқылы қосуға, түсқағаздармен желімдеуге және жанғыш әрлеу элементтерімен жабуға тыйым салынады.

Электр желісіне бір уақытта бірнеше ток тұтынушыларын (шамдарды, плиткаларды, үтіктерді және т.б.), әсіресе тройниктің көмегімен бір розеткаға қосуға тыйым салынады, өйткені электр сымдарының шамадан тыс жүктелуі және тұйықталуы мүмкін.

Қолдан жасалған электр сақтандырғыштарды қолдануға тыйым салынады.