Бұл туралы бүгінгі брифингте Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапаевна баяндап берді.

Ақмола облысында профилактика жүйесінің органдарыменкәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасының тиімділігін арттыру және жасөспірімдер қылмысының өсуіне жол бермеу мақсатында ҮЕҰ және БАҚ-пен кешенді бірлескен жұмыс жүргізіледі.

           «Бүгінгі таңда біздің білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі ұйымдардан бастап «Бірыңғай тәрбие бағдарламасын» іске асыру жөніндегі кешенді жоспар іске асырылуда, күн сайын әрбір білім беру ұйымында сабақтан бос уақытта немесе үзілісте «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» жобасы іске асырылады, үзіліс қоңырауларының орнына оқушылар үшін Ұлттық күйлер шырқалады» — дейді, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапаевна.

             Сонымен қатар әр сынып сағатында апта сайын балаларға арналған «Қауіпсіздік сағаттары» қарастырылған, онда жолдарда, қоғамдық орындарда, өрт кезінде, су айдындарының жанында қауіпсіздік мәселелері талқыланады.

             Оқушының, студенттің құқық бұзушылықтарының әрбір фактісі білім беру ұйымының алдын алу кеңесінде қаралады деп жоспарлануда.

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенованың айтуынша есепте тұрған балаларға сынып жетекшілері бекітілді, педагогтар, полиция, қоғам қайраткерлері қатарынан мінез-құлық және оқыту мәселелерін шешуде тәлімгерлікұйымдастырылған.

Бірақ, өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан, кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыс фактілері кездеседі.