Ақмола облысы Қазақстанның негізгі агроөнеркәсіптік өңірлерінің бірі ретінде, ауыл шаруашылығы бойынша жоғары өсімді көрсетіп келеді. Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 45,3% — ға артып, 920 млрд теңгеге жетті.
Өткен жыл рекордтық астық өнімділігімен ерекшеленіп, 6,6 млн тонна астық жиналды. Бұл бүкіл республикалық көлемнің төрттен бірін құрайды. Өнімділік гектарына 14 центнерге жетті. Жақсы нәтижелерге, соның ішінде минералды тыңайтқыштар көлемінің екі еседен астам ұлғаюы (2023 жылы 111 мың тоннадан өткен жылы 259 тоннаға дейін), сондай-ақ элиталық тұқымдар алқаптарының кеңеюі әсер етті.
Ақмола аграршылары жоғары сапалы астықты шетелге белсенді экспорттауды жалғастыруда. Жыл сайын Қытайға, Иранға, Еуропа мен Орталық Азия елдеріне шамамен 2,5 млн тонна жөнелтіледі. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жеңілдетілген несие берудің мемлекеттік бағдарламалары айтарлықтай қолдау көрсетеді. Мәселен, 2024 жылы «Кең Дала» және «Кең Дала-2» бағдарламалары аясында 60 млрд теңгеге 600-ден астам шаруашылық қаржыландырылды.
Мал шаруашылығы саласында да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Ақмола облысы құс етін өндіру бойынша жетекші орында. Жылына 125 мың тонна (республикалық көлемнің 28%) және тауық жұмыртқасын – 690 млн дана (16%) сақтап отыр. Өткен жылы инвестициялық кредиттеу бағдарламасы аясында өңірде жалпы сыйымдылығы 5,4 мың бас болатын бес ірі сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді, бұл сүт өндірісін 40 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 1,2 мың басқа арналған тағы екі МТФ құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу белсенді дамып келеді. Облыста өткен жылы 252 млрд теңгеге өнім шығарған 67 қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. Сүт, өсімдік майы және ұн өндірісі айтарлықтай өсті.
Астананың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыруға ерекше назар аударылады, бұл өңірге Астананы 30% — дан астам ет және сүт өнімдерімен, сондай-ақ тағамдық жұмыртқаның 80% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шамамен 2 млн адам тұратын агломерация халқының өсуі Ақмола облысын азық-түліктің негізгі жеткізушісі етеді.
2024 жылы өңірдің агросекторын мемлекеттік қолдау 140 млрд теңгені құрады, оның ішінде 46,4 млрд теңге субсидиялар мен 93,5 млрд теңге жеңілдікті кредиттер. Жаңа егіс маусымына белсенді дайындық жүргізілуде. Оған 540,2 мың тонна тұқым дайындалды, ал ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 80% — дан асады.
Қабылданған шаралар өңірге елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып және экспорттық әлеуетті кеңейте отырып, агроөнеркәсіптік кешеннің жоғары өсу қарқынын сақтауға мүмкіндік береді.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары
М.С.Балпан